Аға буын өкілдеріне арналған цифрлық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша оқыту курсы өтті
Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында аға буын өкілдеріне арналған оқыту курсы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру.
Оқыту курсы Абай облысы Ішкі саясат басқармасы мен Цифрлық технологиялар басқармасының бастамасымен өткізілді. Кездесу барысында ардагерлерге цифрлық қауіпсіздік ережелері, интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері және олардан қорғану жолдары түсіндірілді.
Қатысушыларға электрондық мемлекеттік және қаржылық сервистерді пайдалану жолдары, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік негіздері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері мен одан сақтану тәсілдері таныстырылды. Жасанды интеллект технологияларын күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктері де сөз болды.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдері мен қорғану жолдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Шараға Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары қатысып, практикалық кеңес берді.
Іс-шара соңында қатысушылар тәжірибелік әрі түсіндіру сипатындағы кездесулерді тұрақты өткізу жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы мұндай оқыту шаралары алдағы уақытта да жалғасады.







