Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

Қамқорлық пен мейірімді мамандыққа айналдырған жан

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі — қамқорлық пен жан жылуы. Ал сол жылуды өзгелерге сыйлап, олардың өміріне үміт пен қуаныш сыйлап жүрген жандар — қоғамның шынайы еңбек адамдары. Солардың бірі — Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше жылдан бері еңбек етіп келе жатқан әлеуметтік қызметкер Жазира Тұрдыбаева.

Жазира ханым күн сайын тағдырдың түрлі сынағын бастан өткерген жандармен жұмыс істейді. Оның қызметі тек міндет орындаумен шектелмейді. Ол әрбір қызмет алушыға жанашырлықпен қарап, олардың күнделікті тұрмысына, денсаулығына, көңіл-күйіне, әлеуметтік жағдайына қолдау көрсетеді.

Орталықта әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-медициналық қызмет түрлері көрсетіледі.

- «Қызмет алушылардың алғысын алып, батасын есту — мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жұмыстың қиындығын сезбеймін, керісінше, адамдарға пайдам тиіп жатқанына қуанамын. Бір адамның жүзіндегі қуаныштың өзі шаршағаныңды ұмыттырады», — дейді Жазира Тұрдыбаева.

Қоғамда кейде әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі көзге көп көріне бермейді. Бірақ олардың күнделікті жасаған шағын жақсылықтары көптеген адамның өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Қарапайым қолдау, жылы сөз, уақытылы көрсетілген көмек — мұның бәрі адамға өмірге деген сенімді қайтарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив