Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ хабарлауынша, 9–11 ақпан аралығында Абай облысында ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа температурасы +3 пен –15 градус аралығында ауытқып, желдің күшеюі, жаңбыр аралас қар жаууы күтіледі. Бұл жағдай көктайғақтың пайда болуына және жол бойындағы көрінудің нашарлауына әкелуі ықтимал.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Абай облыстық филиалы тұрғындарды аса қажеттілік болмаса, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және алыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады.

Қазіргі таңда Қалбатау – Бұғаз, Қалбатау – Өскемен және Қалбатау – Аягөз бағыттарында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған. Соған қарамастан, жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан Қалбатау мен Аягөз аралығындағы жабық учаскеде 7 жеңіл автокөлік, 1 жүк көлігі жолда қалып, 20 адам «ҚазАвтоЖол» және «КАЖсервис» мамандарының көмегімен құтқарылды. Мұндай өрескел әрекеттер жол қызметтерінің үздіксіз жұмысына кедергі келтіретіні атап өтілді.

Сондай-ақ дауылды ескертуге байланысты алдағы күндері Абай облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қосымша қозғалыс шектеулерін енгізу мүмкіндігі бар.

Осы ретте жүргізушілерден жол белгілері мен ескерту хабарламаларын қатаң сақтап, жол қозғалысы ережелерін бұзбау сұралады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив