Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.75 586.77 6.38

Олжас Бектенов: Үкімет бизнесті қосымша қаржылық және реттеушілік қолдау шараларын әзірлеуде

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Үкіметі кәсіпкерлік-қоғамдастықпен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын кеңейту бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Елімізде инфрақұрылымды жаңғырту және ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру басым бағыт ретінде айқындалған. Премьер-министр атап өткендей, микро және шағын бизнесті қолдауға баса назар аударылады.

«Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы тапсырмаңызға сәйкес, микро және шағын бизнес субъектілерне арналған қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау шараларын бір жүйеге келтіретін "Іскер Аймақ" бағдарламасы бекітілді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар қолданыстағы құралдардың ШОБ-тың барлық әлеуетін ашуға жеткіліксіз екені айтылды.

Осыған байланысты Үкімет бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, бизнесті қосымша қаржылық және реттеушілік қолдау шараларын әзірлеуде: Негізгі шаралардың бірі шағын және орта кәсіпорындарды заманауи жабдықтармен қайта жарақтандыру бағдарламасы болмақ. «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша арнайы бағдарлама кәсіпкерлерге 10 күн ішінде қосымша кепілсіз заманауи станоктарды сатып алуға жеңілдікті несие алуға және бизнеске бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тозған материалдық-техникалық база мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында айтқан тапсырмасын ескере отырып, жаңа Салық кодексіндегі өзгерістердің бірқалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, оны жетілдіруге қатысты бизнес субъектілерінің сындарлы ұсыныстарын ескеру маңызды. Бұған дейін 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдегі барлық салықтық тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен қатар биыл микро және шағын бизнеске жол берілген заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 5%-ға артып, 2,2 млн кәсіпорыннан асты. Секторда жұмыспен қамтылғандар саны 3,9%-ға өсіп, 4,5 млн адамды құрады, бұл жұмыспен қамтылғандардың шамамен 46%-ы және елдің барлық экономикалық белсенді халқының жартысына жуығына сәйкес келеді.

Жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесі 40,5%-ды, өнім шығару көлемі шамамен 73 трлн теңгені құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив