Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.88 585.83 6.36

Қазақстанда екінші жыл қатарынан жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында тростық қоршаулар сынақтан өткізілуде

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандағы ең көп қар басатын автожолдардың бірі - «Астана-Алматы» KAZ01 учаскелерінің бірінде екінші жыл қатарынан тростық  жол қоршауларын апробация өткізу жалғасып жатыр. Жұмыстар «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының» («ҚазжолҒЗИ») ғылыми-техникалық жетекшілігімен жүргізілуде. Институт мамандары эксплуатация барысындағы қоршаулардың техникалық жай-күйі мен тиімділігіне жүйелі мониторинг жүргізуде.

Ұзындығы 500 метрге жуық тәжірибелік-эксперименттік учаске Теміртау қаласының маңында орналасқан. Тросты қоршаулар орталық бөлу жолағында және жол жиегінде орнатылған. Технологияның негізгі міндеті - көлік құралдарының қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуын болдырмау және бетпе-бет соқтығысу қаупін азайту.

Тросты қоршаулардың дәстүрлі металл конструкциялардан айырмашылығы – қардың жолдың жиектерінде жиналып, қар көшкінінің пайда болуына ықпал етпейді: бұл қыс мезгіліндегі күрделі автожолдардың учаскелері үшін маңызды.

Конструкцияның тиімділігі автомобиль жолының тәжірибелік учаскісінде тіркелген жол-көлік оқиғасы барысында анықталды. 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік тросты тосқауылға соғылды. Нәтижесінде трос өзіне барлық соққыны және кинетикалық энергияның едәуір бөлігін қабылдап, көліктің қарсы жолға шығуын алдын алды: осылайша оқыс оқиғаның ықтимал салдарын барынша азайта алды.

Мониторинг нәтижелерін және эксплуатацияның оң көрсеткіштерін ескере отырып, ағымдағы жылы басқа да автомобиль жолдарында тростық жол қоршауларын қолдану жоспарлануда. Нақты шешім көрсеткіштерді талдау және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары негізінде қабылданатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив