Бибигүл Жексенбай: Басты редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайды
ҚР Басты редакторлар клубының бастамасымен Ұлттық академиялық кітапханада «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, медиа саласының сарапшылары және журналистика ардагерлері қатысты. Іс-шараның модераторы – Сенат депутаты, Басты редакторлар клубының төрағасы Бибигүл Жексенбай болды.
«Сөз бостандығы демократиялық мемлекеттің негізгі құндылықтарының бірі және жаңа Конституцияда БАҚ бостандығымен қатар нақты кепілдендірілуі тиіс. Сонымен бірге конституциялық деңгейде сөз бостандығы, ақпаратты таратуға жауапкершілік, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, сондай-ақ олардың жеке деректерін сақтау арасындағы құқықтық баланс айқын анықталуы қажет», – деп атап өтті сенатор.
Кездесу барысында 2026 жылғы конституциялық реформаның негізгі бағыттары, медиа кеңістіктегі қазіргі заманғы сын-қатерлер, ақпаратты таратуға жауапкершілік және цифрландыру жағдайында жеке деректерді қорғау мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелде баяндамамен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасы Ерлан Бурахан, «Хабар» агенттігінің Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев және Qazcontent Басқарма төрағасы Айна Задабек сөз сөйледі.
Онлайн форматта ел өңірлерінен журналистер мен медиа менеджерлер де қатысып, жаңа Конституция жобасына өз ұсыныстарын білдірді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сөз бостандығы, БАҚ, ақпарат алу және тарату құқықтары, сондай-ақ ақпаратты таратуға жауапкершілік пен жеке деректерді қорғауға қатысты әділ және теңгерімді тәсілдер мәселелерін қамтитын медиасообщества ұсыныстарын көрсететін резолюция қабылданды. Бұл резолюция ұсыныс ретінде уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.