Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.88 585.83 6.36

Сенаторлар әскери кафедраларды дамыту мен офицерлік резервті даярлау сапасын талқылады

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне барып, жоғары оқу орны басшылығымен әскери кафедра базасында офицер кадрларын даярлау және оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Отырысты аша отырып, Комитет төрағасы Андрей Лукин әскери саланы кәсібилендіру және Қарулы күштердің зияткерлік әлеуетін арттыру елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың маңызды элементтері екенін атап өтті. Ол азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың сапалы офицерлік резерв қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды.

«Әскери саланы кәсібилендіру мен Қарулы күштердің зияткерлік және адами әлеуетін арттыруға деген қажеттілік – мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің заманауи техника немесе әскерді басқару сапасынан кем түспейтін маңызды элементі. Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралар ғылым мен технологияның заманауи талаптарын ескере отырып, офицерлер қорын жаппай даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Андрей Лукин.

Кездесу барысында офицерлер мен сержанттар қорын даярлау, кадрлық құрам және кафедралардың жарақтандырылу деңгейі туралы баяндамалар тыңдалды. Елде офицерлер мен сержанттар қорын даярлау бағдарламалары бойынша 17 мыңнан астам студент білім алатын 40 әскери кафедра жұмыс істейтіні атап өтілді.

Сондай-ақ бағдарламаларды стандарттау, оқу-материалдық базаны жаңарту және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив