Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата Заң жобасын қолдау жөніндегі ұстанымы мен дәйектерін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов мәлімдеді.
Ол Конституция жобасы ең алдымен әділдікке, теңдікке, құқықтарды қорғауға және мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
«Қоғамдық бірлестіктердің қызмет ету еркіндігін бекіту және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу аясын кеңейту – нағыз азаматтық қоғамды дамытуға жол ашады. Мұндай қоғамда кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар мен бастамашыл топтар еңбек адамдарының, жастардың және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың мүдделерін еркін қорғай алады. Бұл – тең мүмкіндіктер мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарымен тікелей байланысты», – деді ЖСДП төрағасы.
Сонымен қатар, Асхат Рахымжанов осынау конституциялық нормалар маңызы адам мүддесіне бағдарланған орнықты саясаттың негізін қалыптастыру үшін маңызды екенін жеткізді.
«Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда болашақ ұрпақтың мүддесі міндетті түрде ескерілуі керек. Әсіресе еңбек, жұмыспен қамту, экология және әлеуметтік қорғау салаларында бұл өте маңызды. Осыған байланысты ұсынылып отырған конституциялық нормалар тұрақты әрі адам мүддесін басты орынға қоятын саясаттың негізін қалыптастырады», – деп түйіндеді сөзін комиссия мүшесі.
Тағыда оқыңыз
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ