Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Астанада Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

12-02-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, алаштанушы ғалымдар, сонымен қатар Әзербайжан, Башқұртстан және Татарстан ғалымдары, кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Конференция аясында ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасын таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұсынылды.

Сонымен қатар абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамалар жасады.

Қатысушылар ғалымның шығармашылық мұрасын жан-жақты зерттеу, қазіргі гуманитарлық ғылыммен сабақтастыру, жас зерттеушілерге архивтік деректер мен қолжазбалармен жұмыс істеу тәжірибесін үйрету мәселелерін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив