Қазақстандық креаторлар жаңа Конституция жобасы жөнінде ой бөлісті
Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері отандық креативті индустриясы саласында жұмыс істейтін креаторлармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиында жаңа Конституция жобасы және оның креативті сектор үшін маңызы сөз болды. Конституция деңгейінде алғаш рет зияткерлік меншікті қорғау бекітілмек. Бұл креативті экономика елдің тұрақты дамуына әсер ететін маңызды салаға айналғанын көрсетеді.
Кездесуде сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды. Құжат мемлекеттің креативті сектормен өзара байланыс стратегиясын айқындауға бағытталған.
Кездесу аясында елдің креативті экономикасын дамыту жөніндегі негізгі тәсілдер мен жоспарлар түсіндірілді.
Тағыда оқыңыз
Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзі