Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
490.58 584.77 6.34

2026 жылғы 1 наурызға дейін арнайы салық режимін таңдау қажет

Бүгін, 15:23 018.kz

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына 2026 жылғы 1 наурызға дейін арнайы салық режимін (АСР) таңдау қажеттігін хабарлайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшу

2026 жылғы 1 наурыздан бастап 2025 жылы патент негізіндегі АСР-ды немесе арнайы мобильді қосымша арқылы АСР-ды қолданған жеке кәсіпкерлер салық органдарымен автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарылады.
Есептен шығару күні ретінде 2026 жылғы 1 қаңтар танылады.

Алайда салық төлеуші басқа салық режимін таңдағаны туралы тиісті хабарлама ұсынған жағдайда, автоматты түрде есептен шығару жүргізілмейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ды қолданудың басталу күні «e-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чектің қалыптастырылған күні болып есептеледі.

Оңайлатылған декларация негізіндегі режимге көшу

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ды қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.

Белгіленген мерзімге дейін хабарлама ұсынылмаған жағдайда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.

Хабарламаны келесі тәсілдер арқылы ұсынуға болады:
• Салық төлеушінің кабинеті арқылы;
• «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы;
• орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қағаз түрінде;
• екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Анықтама үшін: қазіргі уақытта бұл қызмет Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит және Халық Банк мобильді қосымшаларында қолжетімді.

Шаруа немесе фермер қожалықтары режиміне көшу

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режиміне көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдарымен автоматты түрде жүзеге асырылады және қосымша хабарлама беруді талап етпейді.

Департамент салық төлеушілерді белгіленген мерзімге дейін тиісті салық режимін уақытылы таңдауға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив