Cемей-22°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.28 587.06 6.4

ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қозғады

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері мен әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар арасында кездесу өтті.

Жиын барысында 2026 жылы министрліктің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылатын тоғыз жоба ұсынылды. Өз бастамаларын Қазақстанның Азаматтық альянсы, Ұлттық волонтерлік желі, «Медицина жастары» және «Эра-KZ» қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ «Human Rights Lawyers» қоры ұсынды. Жобалар азаматтық қоғам мен волонтерлік қозғалысты дамытуға, қоғамдық бастамаларды қолдауға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, қатысушылар жобаларды жүзеге асырудың негізгі аспектілерін, қатері мен олардың шешу жолдарын талқылады, сондай-ақ гранттардың мониторингі мен тиімділігін бағалау механизмдері қаралды.

Кездесу қорытындысында мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтудың маңызы сөз болды. Бұл шара әлеуметтік маңызды жобаларды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив