Cемей-22°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.28 587.06 6.4

UAE SWAT Challenge – 2026: Қазақстан арнайы жасақтары әлемді мойындатты

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының халықаралық әуежайында UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Байрақты бәсеке 7–11 ақпан аралығында Dubai қаласында ұйымдастырылды.

Қазақстан намысын қорғаған ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлерінен құралған бес құрама команда әлемдегі ең беделді “Арнайы жасақ олимпиадасы” саналатын турнирде жоғары нәтиже көрсетті.

Жалпы қорытынды бойынша “Kazakhstan C” құрамасы алтын жүлдені иеленсе, “Kazakhstan A” командасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Қалған үш құрама 48 елден келген 109 команданың ішінен үздік 20 команданың қатарына енді.

Қазақстандық арнайы жасақтар жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықтарын, мінсіз тактикалық шеберліктерін және мықты командалық үйлесімділіктерін паш етті. Әсіресе “Tomiris” қыздар құрамасы ерекше көзге түсіп, әйелдер командалары арасында үздік атанып қана қоймай, жалпы есепте көптеген ерлер құрамаларын артта қалдырды.

Сайыс барысында қатысушылар тактикалық операциялар жүргізу, ғимарат пен мұнараны басып алу, кепілге алынғандарды және офицерлерді құтқару, сондай-ақ күрделі кедергілер жолағынан өту секілді бес арнаулы кезең бойынша сынға түсті.

Айта кетейік, Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері бұл турнирде жыл сайын жүлделі орындар иеленіп келеді.

Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтап, жауынгерлердің жоғары кәсібилігін, табандылығын және биік патриоттық рухын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив