Cемей-22°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.28 587.06 6.4

Құжаттар ақшаға айырбасталды: Абай облысында анасы балабақшамен дауды Департаменттің көмегімен жеңіп шықты

Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды

Бүгін, 10:27 018.kz

Семей қаласының тұрғыны жеке балабақша тарапынан көрсетілмеген қызметтер үшін төленген ақшалай қаражатты қайтарып қана қоймай, сонымен қатар моральдық зиян үшін өтемақы өндіруге қол жеткізді.

Жеке балабақшалардың заңнама талаптарына қайшы келетін шарттарды тұтынушыларға таңуы, өкінішке қарай, жиі кездеседі. Аталған жағдайда балабақша басшылығы баланың медициналық құжаттарын ұстап, бала ауырып, мекемеге іс жүзінде бармаған кезең үшін ақы төлеуді талап еткен.

Іс жүзінде тұтынушыға келесідей «компромисс» ұсынылған: құжаттар көрсетілмеген қызмет үшін төлемге айырбас ретінде.

Indigo порталының шектеулеріне байланысты (ваучердің қолданылу мерзімі небәрі 5 күн) әйел адам мәжбүрлі жағдайға тап болып, құжаттарды алу және баласын басқа балабақшаға ауыстыру үшін, ваучерден айырылып қалмау мақсатында көрсетілген кезең үшін төлем жасауға мәжбүр болған.

Алайда тұтынушы бұл әділетсіздікпен келіспей, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгініп, өзінен іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер үшін ақы алынғанын көрсеткен.

Осы кезеңде тұтынушы мен балабақша арасында сот тәртібімен жарамсыз деп танылмаған және заңды күші бар қол қойылған шарт болған. Департамент тұтынушыға азаматтық сотқа талап арызбен жүгінуді және Департаментті үшінші тұлға ретінде көрсетуге кеңес берген, бұл ұсыныс орындалған. Сот талқылауы барысында Департамент аталған мәртебеде іске қатысқан.

Қол қойылған шарттың болуына қарамастан, оның талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарға сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру жатады.

Заңның толықтай тұтынушы жағында екенін түсінген балабақша басшылығы дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Медиация нәтижесінде тараптар келісімге келді. Балабақша басшылығы іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер үшін төленген ақшалай қаражатты қайтаруға, сондай-ақ моральдық зиян және сот шығындары үшін өтемақы төлеуге міндеттенді.

Балабақша — дүкен немесе кез келген сервис сияқты қызмет көрсетуші болып табылады. Егер қызмет көрсетілмесе, тіпті қол қойылған шарт болған күннің өзінде, ол үшін ақы талап ету заңсыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив