Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.28 587.06 6.4

Жаңа инвестициялық цикл: Сенатта Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары талқыланды

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Жаңа инвестициялық циклды бастау. Инвестициялық ахуалды жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын талқылады. Бұл тапсырмалар инвестициялық саясатты қайта жүктеу, мемлекеттік органдардың инвестиция саласындағы үйлесімін күшейту және экономиканың басым секторларына капитал тартудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру бойынша жүйелі шараларды іске асыруға бағытталған.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов жаңа инвестициялық циклді іске қосу қолдау құралдарын сапалы жаңартумен және мемлекеттік органдардың түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілігін арттырумен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда инвестиция көлемінің өсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың құрылымын өзгерту де маңызды. Осы орайда қосылған құны жоғары, технологиялық құрамдас бөлігі бар және өңірлер үшін нақты қайтарымы бар жобаларға басымдық беру қажет. Инвестициялық саясат прагматикалық, ашық және ел экономикасы үшін ұзақ мерзімді тиімділікке бағытталуы тиіс», - деп атап өтті Сұлтанбек Мәкежанов.

Ұлттық экономика министрлігінің өкілі дөңгелек үстелге қатысушыларды 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасының және оны іске асыру бойынша инвестиция тарту жүйесін жетілдіруге бағытталған 83 іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспарының қабылданғаны туралы хабардар етті. Инвестиция тартудың сыртқы контуры күшейтілетіні, «бір терезе» қағидаты бойынша «Kazakhstan Investment House» бірыңғай орталығы, сондай-ақ ірі жобаларды дайындау үшін «Бәйтерек» холдингі жанынан Инвестициялық қызмет құрылатыны айтылды.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрлігінің өкілі өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық бағыттар мен инфрақұрылымды қоса алғанда, басым салалардағы инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Инвесторлар географиясын әртараптандыру және әкімшілік кедергілерді жоюды қоса алғанда, жобаларды сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыс істеу қажеттігіне баса назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив