Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.28 587.06 6.4

5118 әскери бөлімінде Ауған соғысы құрметіне театрландырылған қойылым өтті

Бүгін, 14:22 018.kz

15 ақпан — Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні. Бұл дата жауынгерлік борышқа адалдық пен бейбіт өмірдің қадірін еске салатын тарихи күн ретінде айрықша маңызға ие.

Осыған орай 5118 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуымен Ауған соғысына арналған театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Іс-шараға соғыс ардагерлері, бөлім басшылығы, әскери қызметшілер мен жас сарбаздар қатысты. Қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Кештің негізгі бөлігі — әскери бөлім сарбаздарынан құралған әскери театр ұжымының сахналық қойылымы болды. Қойылымда ауған шекарасындағы жауынгерлік өмір шынайы бейнеленді: таулы бекеттегі қызмет, түнгі кезекшілік, қарулас достардың қысқа сырласуы, елге деген сағыныш.

Сарбаздар майдандағы күнделікті тіршілікті, жауынгерлік бауырластықты және рух беріктігін әсерлі жеткізе білді. Сахнадан айтылған жүрекжарды сөздер көрермендерді толқытты:

Анашым, уайымдамаңыз… Біз ел тыныш ұйықтауы үшін осында тұрмыз.
Ертең не боларын білмейміз, бірақ бүгін біз Отан үшін қызмет етудеміз.

Финалдық көріністе сарбаздар ел тыныштығы жолында жанын қиған боздақтардың рухына үнсіз тағзым етті. Ардагерлер көздеріне жас алып, жас әскери қызметшілер қойылымды ұзақ уақыт бойы тік тұрып қошеметтеді.

Кездесу барысында ардагерлер жас сарбаздарға бірлік пен жауынгерлік рухтың маңызын ерекше атап өтті.

Соғыс адамды бір күнде есейтеді. Біз ол жерде ұлт пен тілге бөлінбей, бауыр болып кеттік. Бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ, — деді старшина Сүлейменов Манарбек Файзрахманұлы.

Іс-шара аясында әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіге “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан грамоталар табысталды.

Театрландырылған қойылым жас буын үшін тарихтың тағылымды сабағына айналып, отансүйгіштік рухты нығайтудың жарқын үлгісі болды.

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив