Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.28 587.06 6.4

Алматыда Қазақстан–Италия сауда үйі ашылады

Бүгін, 18:19 018.kz

2026 жылдың 20 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де Алматы қаласында Қазақстан–Италия сауда үйінің ресми ашылуы өтеді.

Бұл жаңа алаң Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған институционалдық платформа болмақ.

Сауда үйі Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 17А (Almaty Plaza) мекенжайында орналасқан. Ол Алматы, Милан және Атырау қалаларында жұмыс істеп тұрған кеңселерді біріктіретін Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының (ACIK) жаңа іскерлік алаңы болып табылады.

Жоба екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтып, бизнесті қолдаудың тұрақты орталығына айналуды көздейді. Сонымен қатар ол Орталық Азия мен Еуропа арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған.

Сауда үйінің қызметі сауда мен инвестицияларды қолдауды, бірлескен кәсіпорындар мен өнеркәсіптік жобаларды дамытуға жәрдемдесуді, өндірістік кооперацияны кеңейтуді, технологиялар мен тәжірибе алмасуды, «Made with Italy» өнеркәсіптік ынтымақтастық үлгісін ілгерілетуді, сондай-ақ гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуды қамтиды.

Сауда үйінің инфрақұрылымында іскерлік келіссөздер мен кездесулер өткізуге арналған кеңселер, бизнес-форумдар, таныстырылымдар мен ресми іс-шараларға арналған конференц және көрме залдары, сондай-ақ өзара іс-қимылдың аралас форматтарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық шешімдер қарастырылған.

Іскерлік өзара әрекеттестікті қосымша қолдау мақсатында алаңда Қазақстанның даму институттарының ақпараттық бұрыштары орналастырылады. Олардың қатарында Kazakh Invest, QazTrade, Kazakh Export және Kazakh Tourism бар. Бұл ұйымдар ынтымақтастық мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпарат ұсынады.

Сауда үйінің ашылуы Қазақстанның еуропалық бағыттағы экономикалық дипломатиясын дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырылады және екіжақты ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Аталған жоба екі ел арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің нәтижесі болып табылады. Оның ішінде Италия Премьер-министрі Джорджия Мелонидің Астанаға ресми сапары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың, даму институттарының және іскер топтардың жүйелі өзара іс-қимылы бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив