Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Семейлік зияткерлер Дәулет Мұқаевпен жүздесті

16-02-2026, 13:31 018.kz

Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тағлымды кеш өтті. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі экономист Дәулет Мұқаевпен кездесті. Шараның өтуіне мектеп жатақханасының ұжымы ұйытқы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа азаматтық жауапкершілікті, белсенді өмірлік ұстаным мен еңбекқорлықтың маңызын түсіндіру. 

Кездесу басталмас бұрын депутат мектеп пен жатақхананың тыныс-тіршілігімен танысып, оқушылардың ғылыми жобаларын тамашалады. Зияткерлер өз зерттеулері туралы толық мағлұмат беріп, бағыттары мен жетістіктері жайлы баяндады. Дәулет Мұқаев жобалардың өзектілігін атап өтіп, тың бастамаларға сәттілік тіледі.

Мәжіліс залында өрбіген жүздесу еркін әңгіме, ашық ойдың алаңына айналды. Халық қалаулысы сөз арасында жастықтың жалынын біліммен ұштастыру, ғылымға бет бұрып, көкірек көзін ашу – әр зияткердің басты мұраты екенін тебірене жеткізді.

Кездесу соңында «Асқар тау» әкелер клубының жетекшісі қонағымызға ақ тілегін айтып, құрмет ретінде шапан жапты. Зияткерлер әннен шашу шашып, өнерлі оқушыларымыздың кездесу барысында қолынан шыққан қонақтың портреті салынған суреті естелікке тарту етілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив