Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
496 588.01 6.42

NIS HACKATHON – идея мен инновация алаңы

Бүгін, 14:59 018.kz

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 9–12-сынып оқушылары арасында «NIS HACKATHON» технологиялық байқауы өтті. Оқушылардың инженерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған байқауға 17 команда қатысты. 

Олар 24 сағат бойы өз идеяларын толыққанды IT-жобаларға айналдыру бағытында жұмыс жүргізіп, жобаларын жетілдіріп, функционалдық модельдерін дайындады. Әр команда 4 адамнан құралды. 

Келесі күні жас зияткерлер өз жобаларын сарапшылар алдында қорғады. Қатысушылар техникалық шешімдердің тиімділігін, жобаның өзектілігін және практикалық маңызын дәлелдеп, сұрақтарға нақты жауап берді.

Әділқазылар алқасының құрамында «Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің директоры Бауыржан Наурызбаев, Shakarim University STEM – білім беру жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD Қапан Шакерхан және мектеп ұстазы Жасұлан Амежанов болды. Сарапшылар жобаларды бағалау барысында инновациялық жаңашылдыққа, техникалық орындалуына, командалық үйлесімге және болашақта дамыту әлеуетіне ерекше назар аударды. 

- Хакатон форматы – болашақ инженерлер мен IT мамандарын даярлаудың тиімді тәсілдерінің бірі. Мұндай алаңдар оқушылардың тек білімін емес, soft skills дағдыларын да дамытады. Бұл – мектептің STEM бағытын жүйелі түрде дамытудағы маңызды қадам. Білім алушылардың ұсынған жобаларына, дайындықтарына қарап өте үлкен жұмыс жасалды деп айта аламын. Нәтижелер өте керемет, - деп атап өтті ақпараттық технологиялар және инженерлік-техникалық шығармашылықтың кеңейтілген зертхана меңгерушісі Мирас Оңдасынов.

Бас жүлде иегері атанған AllNighters командасы мектеп намысын желілік кезеңде Тараз қаласында қорғайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив