Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
496 588.01 6.42

Абай облысының ардагерлері Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Алдағы республикалық референдум қарсаңында Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков өңірдің аға буын өкілдерімен кездесті. Жиынның басты мақсаты – жауапты кезең алдында ақсақалдардың батасын алып, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру. Кездесуге 70-тен астам ардагер қатысты.

Өз сөзінде Шалқар Байбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен басталған жалпыұлттық референдумның тарихи маңызына тоқталды. Ол жаңа редакцияның ел болашағына ықпалы, әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған тетіктері жөнінде кеңінен баяндады.

Кездесуді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин жүргізді. Жиында өңірдің құрметті азаматтары сөз алып, реформаның тарихи мәніне баға берді. Ардагерлер мемлекет тұрақтылығы, ұлттық бірлік, тарихи сабақтастық және жастар тәрбиесі мәселелерін көтеріп, бай тәжірибелеріне сүйене отырып ой бөлісті.

«Құрмет» орденінің иегері, Семей қаласының Құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев халықтың әрдайым дұрыс таңдау жасайтынын атап өтіп, жастарды ел болашағы үшін белсенді болуға шақырды.

Ал «Құрмет» орденінің иегері, Семей қаласы мен Абай ауданының Құрметті азаматы Отантай Қәрібжанов Конституцияға енгізілетін өзгерістердің ауқымдылығына тоқталып, оны ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам деп бағалады.

Кездесу соңында ардагерлер ел бірлігі мен берекесін тілеп, ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив