«Ауыл» партиясының Абай облыстық филиалы жаңа Конституция бойынша референдумды қолдады
2026 жылғы 16 ақпанда Абай облысында«Ауыл» партиясыөңірлік филиалының төрағасы Қайрат Смағұловтың басшылығыменСаяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жаңа Конституция бойынша алдағы референдумның маңызын талқылауболды.Жиында референдумның қоғам үшін мәні, азаматтардың қатысуының рөлі және оның елдің одан әрі тұрақты дамуына ықпалы жан-жақты сараланды.
Кеңейтілген отырысқа«Ауыл» партиясытөрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали және Саяси кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша пікірталастар өткізілді, спикерлер өз ұстанымдарын таныстырды.
«Ауыл» партиясы өңірлік филиалыныңСаяси Кеңесі мүшесіТөлеуханНұрмағамбетов жаңа Конституция бойынша алдағы референдум – қоғамның пікірін білдірудің шешуші кезеңі екенін атап өтті. Ол азаматтардың белсенді қатысуы және өз ой-пікірін ашық білдіру маңызды екенін ерекше атап өтті.
Саясаттанушы Еламан Елемес алдағы референдум жаңа Конституцияның негізгі принциптерін бекітуге және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара екенін атап өтті.
Бұл кездесу тек партияішілік талқылау алаңы ғана емес, жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдау және елдің тұрақты дамуына бағытталған ортақ пікір қалыптастыру алаңы болды.


