Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

«Референдумды қолдаймыз»: этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың республикалық жиыны өтті

17-02-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар өкілдері «Референдумды қолдаймыз» ұранымен республикалық жиын өткізді. Басқосуда алдағы республикалық референдумның мән-маңызы, оның ел дамуы мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар референдум – азаматтардың тікелей ерік білдіруінің маңызды тетігі екенін атап өтті. Бұл – халықтың ел болашағына қатысты шешім қабылдауға белсенді қатысуының айқын көрінісі. Сондай-ақ жиында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық бірлікті бекемдеу және ортақ құндылықтар төңірегінде топтасудың өзектілігі сөз болды.

Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері алдағы референдумды қолдайтындарын білдіріп, ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азаматты белсенді болуға шақырды.

Жиын өзара пікір алмасып, ортақ ұстаным қалыптастырған маңызды алаңға айналып, ел үшін жауапты кезеңде қоғамдық келісім мен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив