Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.97 583.77 6.39

Қауіпсіз болашақ: сталкингке қарсы ортақ жауапкершілік

Бүгін, 16:00 Думан Кенжеғазыұлы

Студент жастар арасында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында «Қауіпсіз болашақ: сталкингке қарсы ортақ жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — сталкингтің жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен психологиялық денсаулығына, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылыққа төндіретін қауіп-қатерін түсіндіру, жеке шекараны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және бұл әрекеттің зорлық-зомбылықтың бір түрі екеніне қоғам назарын аудару болды.

Кездесу барысында спикерлер гендерлік теңдік пен зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидаттарының қоғам дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2026–2030 жылдарға арналған “Қазақстан балалары”» тұжырымдамасы жобасы, мәжбүрлі неке, сталкинг және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қарастырылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері талқыланды.

- 2025 жылдан бастап Қылмыстық кодекске сталкинг пен некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Сонымен қатар, отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіліп, мұндай құқықбұзушылықтар жәбірленушінің арызынсыз да тіркеледі.Жәбірленушілерді қорғау үшін агрессорларға байланысуға және қудалауға тыйым салатын арнайы қорғау шаралары қолданылады. Бұл жұмыстар барлық жауапты мекемелердің бірлескен әрекеті арқылы жүзеге асуда, деді Абай облысы ПД ҚҚБ ОТЗЗҚКБ бастығы Виталий Каверин.

Кездесудің маңызды бөлімдерінің бірі «Жоқ» сөзінің мәнін түсіндіруге арналды. Психологиялық шекара, келісім ұғымы және жасырын зорлық-зомбылық түрлері жөнінде түсіндірме беріліп, жастарға жеке қауіпсіздік пен өз құқықтарын қорғаудың маңыздылығы жеткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив