Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.99 580.25 6.38

Сенатта экономиканың жаңа үлгісі ретінде транзит саласындағы негізгі тәсілдер талқыланды

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері «Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыбы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар еліміздің транзиттік әлеуетін дамытудың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ көлік-логистика жүйесінің тиімділігіне әсер ететін институционалдық және инфрақұрылымдық факторларды талқылады.

«Көлік-логистика саласы мен транзит әлеуетін дамыту экономиканың жаңа үлгісін іске асыруға тікелей байланысты және еліміздің тұрақты экономикалық дамуында стратегиялық маңызы зор. Жаһандық сауда-логистика тізбегін трансформациялау жағдайында мемлекет, бизнес және ұлттық экономика мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ететін транзит тасымалының тиімді, бәсекеге қабілетті және технологиялық заманауи жүйесін қалыптастыру ерекше өзекті болып отыр», - деп атап өтті комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев.

Көлік министрінің орынбасары Жәнібек Тайжанов негізгі баяндама жасады және ол қатысушыларды транзит тасымалының ағымдағы жағдайы мен қозғалысы, сондай-ақ іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар мен көлік саласын дамытудың басым бағыттары туралы хабардар етті. Қытай, Еуропа, Ресей және Азия елдері арасындағы транзиттік жүк ағымдарын ұлғайтуда еліміздің әлеуеті зор екендігі атап өтілді.

Кездесу барысында теміржол инфрақұрылымын дамыту, магистральдық желінің өткізу қабілетін арттыру, логистика үдерістерін цифрландыру мәселелері, сондай-ақ транзит тасымалдары нарығында жұмыс істеудің институционалдық ахуалы қаралды. Қатысушылар ұзақ мерзімді көлік саясатын қалыптастыру кезінде мемлекет, ұлттық компаниялар мен жеке сектор мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері де өз ұстанымдарын білдіріп, саланың операциялық тиімділігін арттыру, басқарудың ашықтығы және инвестиция тарту мәселелеріне назар аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив