Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай жарық көрген ғылыми еңбектері таныстырылды

18-02-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында академик Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай жарық көрген еңбектер жинағы таныстырылып, «Ғалым. Ғұмыр. Ғибрат» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында «Қазақ тілтанымының өзекті мәселелері» қостомдығы мен «Ғалым. Ғылым. Ғибрат» жинағы көпшілік назарына ұсынылды. Еңбекте ғалымның диалектология, лексикология, тіл тарихы, грамматика, терминология, емле, стилистика және лингводидактика салаларындағы ғылыми мұрасы жүйеленген.

Сонымен қатар академиктің ұлы Қайрат Шораұлы Ш. Сарыбаевтың жеке кітапханасында сақталған тіл біліміне арналған сирек басылымдардың 1000-ға жуық топтамасын Ұлттық академиялық кітапханаға сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, кітапханада 2021 жылы құрылған «Ш. Сарыбаев оқу залында» 5 мыңнан астам құнды әрі сирек кітап жинақталған. Бұл қор – ғылыми зерттеушілер, студенттер және тіл, әдебиет, тарих саласындағы мамандар үшін құнды дереккөз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив