Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Жаңа Конституция педагогикалық ұжым алдында талқыланды

19-02-2026, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Жалпыұлттық коалицияның Абай облыстық филиалының мүшелері М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында педагогикалық қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген жаңа өзгерістер түсіндіріліп, оның ішінде 33-бапқа ерекше мән берілді.

Мерей Қарт өз пікірінде: «Жаңа Конституцияның 33-бабында білім алу әр азаматтың конституциялық құқығы екені айқындалады. Орта білім міндетті болып белгіленіп, мемлекеттік оқу орындарында оны тегін алу кепілдігі сақталады. Жоғары білім конкурс негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекет білім берудің бірыңғай міндетті стандарттарын бекітеді және еліміздегі білім беру жүйесінің зайырлы сипатын нақтылайды», – деп атап өтті.

Коалиция мүшелері кездесу барысында жаңа Конституцияда бірлік пен ынтымақтың, этносаралық және конфессияаралық келісімнің маңыздылығы, унитарлық құрылым мен аумақтық тұтастықтың өзгеріссіз сақталатынын, сондай-ақ Әділеттілік, Заң және тәртіп, табиғатқа ұқыптылықпен қарау қағидаттарының алғаш рет бекітілгенін жеткізді. Сонымен қатар білім, ғылым, мәдениет, инновациялар мен цифрландыру салаларының өзектілігі атап өтілді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Бұл норма педагогикалық сала қызметкерлерінің құқықтық негізін күшейтіп, білімнің қолжетімділігі мен сапасына мемлекет тарапынан жауапкершілікті нақтылайтын маңызды қадам болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив