Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

19-02-2026, 10:27 018.kz

Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру және отбасылық жанжалдардың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Әуезов полиция бөлімі қызметкерлері — полиция майоры Қуаныш Төлеу және полиция аға лейтенанты Бауыржан Молгаждаров қатысып, жеке құраммен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында әскери қызметшілерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кешкі уақыттағы тыныштықты сақтау талаптары, сондай-ақ интернет алаяқтарынан сақтану жолдары түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері нақты мысалдар келтіріп, заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Басқосу соңында әскери қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды. Мұндай кездесулер құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив