Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Елордада VIII–XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар ұсынылды

19-02-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

«Тұран» университетінде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрме өтті.

Көрме Ұлы даланың жазба мұрасына және оның көне дәуірден бүгінге дейінгі даму кезеңдеріне арналды.

Экспозицияда VIII–IX ғасырлардағы көне түркі тіліндегі сирек қолжазбалар, Қарахан мемлекеті, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлеріне жататын араб, парсы және шағатай тілдеріндегі құжаттар, сондай-ақ көне түркі жазуының үлгілері мен латын графикасындағы басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Барлық материалдар Ұлттық орталықтың қорында сақталған.

Кездесу барысында қатысушыларға жазба ескерткіштердің тарихи маңызы, оларды зерттеу ерекшеліктері мен сақтау жолдары туралы мәлімет берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив