Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.66 581.87 6.43

Жастардың азаматтық белсенділігі – реформаларды табысты іске асырудың кепілі

Кеше, 10:54 018.kz

Аягөз ауданында жастар мәслихатының депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ғалымжан Мамутовтың волонтер жастармен кездесуі өтті. Іс-шара «Реформалар жағдайындағы азаматтық белсенділік» тақырыбына арналды.

Кездесу барысында Ғалымжан Мамутов елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік, саяси және институционалдық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, бұл үдерістердегі жастардың рөліне ерекше мән берді. Оның айтуынша, азаматтық белсенділік пен волонтерлік қызмет – қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші.

– Қазіргі реформалар кезеңінде жастардың белсенді азаматтық ұстанымы аса маңызды. Конституция жобасы жастарды саналы әрі жауапты азамат ретінде қалыптастыруға негіз болатын маңызды құжат. Белсенді жастар реформалардың мәнін терең түсініп, оларды қолдағанда ғана ел дамуы тұрақты болады. Жастар бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады, – деді жастар мәслихатының депутаты Ғалымжан Мамутов.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, волонтер жастар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар волонтерлік қозғалысты дамыту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және жергілікті деңгейдегі азаматтық бастамаларды қолдау мәселелерін талқылады.

Жастар атынан сөз сөйлеген Балым Қуатқызы Конституция жобасының жастар үшін маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінгі кездесу біз үшін мазмұнды болды. Қазіргі реформалар кезеңінде әрбір жастың ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын ашық білдіруі қажет. Конституция жобасында білім беру, ғылым, инновация және адам капиталын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі – жас ұрпақтың болашағына бағытталған стратегиялық қадам. Жастар пікірінің ескерілуі азаматтық жауапкершілігімізді арттырады, – деді волонтер жастар өкілі Балым Қуатқызы.

Кездесу қорытындысында қатысушылар жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, волонтерлік қозғалысты жүйелі қолдау және жүргізіліп жатқан реформаларды түсіндіру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив