Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.17 576.63 6.38

Көкпекті аудандық кітапханасында Конституциялық реформаны талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданы аудандық кітапханасында кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Конституциялық реформаны талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру және олардың елдің құқықтық дамуына ықпалын талқылау.

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбаевич Мукашев реформаның негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталып, өзгерістердің ел дамуы, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Конституциялық реформа құқықтық мемлекет қағидаттарын күшейтіп, қоғамның тұрақты дамуына негіз қалайды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар реформаның өзектілігін атап өтіп, оны қолдайтындықтарын білдірді. Кездесуге қатысушы Айтжамал Ибраева өз пікірін білдірді:

– Менің ойымша, Конституциялық реформа дер кезінде жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістер қазіргі заман талабынан туындап отыр және құқықтық мемлекетті нығайтуға, азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған, – деді ол.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Кездесу қорытындысында мұндай басқосулар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституциялық реформаның мәні мен маңызын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив