Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.17 576.63 6.38

Сенатта мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы талдаушының рөлі Ұлыбритания сарапшыларының қатысуымен талқыланды

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатында «Талдау мектебі» жобасына қатысушылар мен Taldau Community қоғамдастық мүшелерінің Ұлыбритания сарапшыларымен кездесуі өтті. Шара Корольдің Біріккен қызметтер институтымен (Rusi) және Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды және талдамалық сараптаманы дамыту және оның шешім қабылдау үдерісіндегі рөлі мәселелеріне арналды.

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылық меңгерушісінің орынбасары Жасұланбек Майлыбай кездесуді аша келіп, талдамалы қоғамдастық, мемлекеттік органдар мен халықаралық сарапшылар арасындағы салмақты және ұзақ мерзімді шешімдерді әзірлеу үшін пікірлесудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорси қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстандағы тәуелсіз талдау мен зерттеу әлеуетін дамытуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын жеткізді.

Кездесу барысында Rusi зерттеу жөніндегі директоры Розалинд Робертс институт қызметінің негізгі бағыттары, қолданбалы зерттеулер жүргізу тәжірибесі және талдау орталықтарының билік органдарымен өзара іс-қимылы туралы айтып берді. Энергетикалық қауіпсіздік, халықаралық саясат және стратегиялық талдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сенат жанындағы Сарапшылар клубының жұмысы және «Талдау мектебі» жобасы туралы ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі Динара Сәдуақасова хабардар етті. Ол жобаның талдаушылардың кәсіби қауымдастығын қалыптастыруға және дәлелді саясат мәдениетін дамытуға бағытталғанына тоқталды.

Талқылауға сондай-ақ Rusi сарапшылары Дэн Маркс, Урбан Конингем және Алистер Грейг, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері – саяси және коммуникациялық мәселелер жөніндегі сектор басшысы Сэмюэл Миллс. Тараптар ынтымақтастықтың болашағы, зерттеудің жалпы бағыттары және қазіргі жағдайдағы талдаудың рөлі туралы пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіби диалогты жалғастырудың және талдау мен сараптамалық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив