Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Елордада конституциялық реформаларды жүзеге асыруда жастардың рөлі талқыланды

20-02-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын талқылауға арналған «Конституциялық өзгерістер: студенттердің, жастардың, волонтерлер мен ҮЕҰ көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға үкіметтік емес сектор мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар конституцияның негізгі бағыттарын, азаматтық қоғам институттарының рөлін және қоғамдық-саяси, құқықтық өзгерістерге көпшіліктің қатысуын сөз етті.

Мемлекеттік дамуға жастарды тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Студенттер мен жас көшбасшылар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жетілдіру, стратегиялық құжаттарды талқылауға азаматтардың белсенділігін арттырк және заң шығару үдерісінің ашықтығын қадағалау бойынша ұсыныстар айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив