Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Абай облысының Тоғызқұмалақ федерациясы Жаңа Конституцияны қолдайды

22-02-2026, 13:10 018.kz

Тоғызқұмалақтан Абай ауданының аға жаттықтырушысы, облыстық төрешілер алқасының төрағасы Назым Күзембай Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған құжатта адам және оның құқықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде нақты көрсетілген. 

- Заң үстемдігін күшейту, азаматтардың құқықтарын қорғау және әділдік қағидатын нығайту – қоғам тұрақтылығының басты кепілі. Сондай- ақ жоба аясында білім, ғылым және ұлттық құндылықтарды дамытуға ерекше назар аударылған. Тоғызқұмалақ – халқымыздың зияткерлік мұрасы. Сондықтан ұлттық құндылықтарды сақтау мен жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған бастамалар маңызды, - деп атап өтті аға жаттықтырушы.

Ол бұл өзгерістер ел дамуына серпін беріп, болашақ ұрпақтың құқықтық әрі рухани тұрғыдан кемел қалыптасуына негіз болатынына сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив