Еңбек адамы: Биік белестерге бастаған бапкер жолы
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбо күресінен Абай облысының аға жаттықтырушысы Біржан Парманұлының айтуынша, самбо – мінез қалыптастыратын мектеп. 15 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп келе жатқан тәжірибелі бапкер үшін әр жеңіс – табандылық пен сенімнің жемісі. Ол еңбек жолында Абай облысының аға бапкері ретінде қызмет атқарып қана қоймай, еліміздің намысын қорғаған Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы құрамасының бас бапкері ретінде де үлкен жауапкершілікті абыроймен атқарды.
Ұлттық құрамада жұмыс істеген жылдары да талай мықты спортшыларды шыңдап, олардың әлем және Азия чемпионаттарында топ жаруына үлес қосты. Жеке шәкірттері қатарында Руслан Жарқынбаев, ағайынды Рахметуллин Маратбек пен Рахметуллин Шалқыбек, сондай-ақ жауынгерлік самбодан танылып келе жатқан Дүйсенбеков Бақытжан бар.
Тәжірибе мен табандылықты ту еткен бапкер үшін ең үлкен марапат – шәкіртінің жеңісі. Ал самбо жолындағы сапар әлі талай жарқын жеңістермен жалғасары сөзсіз.