Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Жаңа Конституция жобасы аясында медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды: болашақ дәрігерлермен кездесу

23-02-2026, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін 15 наурыз күні өтетін референдум қарсаңында Семей медицина университетінің студенттерімен мазмұнды кездесу өтті.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшелері – Алтай Дюсупов, Зейнолла Тоқаев, Анатолий Калинкин болашақ медицина мамандарымен жүздесіп, Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді кеңінен талқылады.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылды. Әсіресе медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және саланың тұрақты дамуына мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктер сөз болды.

Коалиция мүшесі Зейнолла Тоқаев өз сөзінде: «Медицина қызметкерлерін конституциялық тұрғыдан қорғау 27-бапта бекітілген. Бұл норма олардың қауіпсіз әрі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай еңбек ету құқығын қамтамасыз етеді. Конституция мемлекет пен жұмыс берушілерге медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, кәсіби тәуекелдерді жүйелі түрде анықтау және азайту, сондай-ақ ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет жүктейді», – деп атап өтті. Кездесу қорытындысында қатысушылар Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив