Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Неміс инвесторлары қоқыс өңдейтін зауыт салуды ұсынуда

27-04-2023, 15:33 Думан Кенжеғазыұлы

Зауыт құрылысы жобасы, сондай-ақ ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын рекультивациялау жұмыстары инвесторлар есебінен толығымен қаржыландырылып қана қоймай, жаңа технологиялардың арқасында экономикалық тиімділікке қол жеткізу көзделуде.

Семейде қоқыс өңдеу желісі бар жаңа полигонның құрылысы әлдеқашан күтілуде, өйткені қазіргі қолданыстағы полигон ескі. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Жасыл даму» АҚ және «AMK Global» компаниясының өкілдерімен кездесуде айтты.

«Біз нөлдік қалдықтарды қайта өңдеу тұжырымдамасын әзірледік, ол да экономикалық тұрғыдан тиімді болады. Біз қуаттылығы күніне 500-ден 2 мың тоннаға дейінгі зауыт туралы айтып отырмыз», - деді «AMK Global» компаниясының өкілі Андреас Карстен.

Қолданыстағы полигонға 40 жылдан астам уақыт болды. Ол адамдарға, экологияға зиян келтіреді, әуе кемелерін пайдалануға қиындықтар туғызады. Бізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экология министрлігімен жаңа полигон салу туралы келісім бар. Жоба әзірленуде. Сондықтан мерзімдер туралы нақты түсінік қажет, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Инвестор өкілдері дайындықтың ең қысқа мерзімдері (3 айға дейін), сондай - ақ ескі полигонды қалпына келтіру мүмкіндігі туралы сендірді. Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив