Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

140 мыңнан астам брондау: Абай облысының тұрғындары «ЦОН» қосымшасын белсенді пайдалануда

24-02-2026, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалы мобильді «ЦОН» қосымшасы арқылы электронды кезекті онлайн брондау сервисінің танымалдығы тұрақты түрде артып келе жатқанын хабарлайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің 140 мыңнан астам тұрғыны алдын ала талон брондау мүмкіндігін пайдаланған. Ал биылғы жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 20 мыңнан асып, цифрлық қызметтердің халық арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр.

Брондалған талондар саны бойынша көшбасшылар қатарында Семей қаласының Мамандандырылған ЦОН-ы, сондай-ақ №1 және №2 қалалық ЦОН-дары бар. Бұл орталықтар азаматтардың цифрлық белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетуде.

Онлайн брондау қызметі облыс тұрғындарына Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару уақытын және орнын алдын ала таңдауға, күту уақытын қысқартуға және мемлекеттік қызметтерді қолайлы жағдайда алуға мүмкіндік береді.

Сервис «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Электронды талон алу үшін пайдаланушы авторизациядан өтіп, қажетті қызметті таңдайды, содан кейін жүйе электронды кезек нөмірін қалыптастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив