Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті

24-02-2026, 12:00 018.kz

Көкпекті ауданында Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Аубакиров Нурлан Кусманович және ауданның белсенді спортшылары қатысты.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, жастар саясаты мен спорт саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары да талқыланды.

Спортшылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ел болашағына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды.

Жиын соңында Конституциялық реформаның елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив