Cемей-31°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
496.85 585.54 6.49

Мәдениет саласының өкілдері Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Кеше, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының Абай облыстық филиалы өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Кезекті кездесу рухани мұра мен тарихи таным тоғысқан мәдени кеңістікте — Ф.М. Достоевский атындағы музей өтті. Жиын мәдениет саласының өкілдері мен коалиция мүшелері арасындағы мазмұнды диалог алаңына айналды.

Кездесуге коалиция мүшелері, Абай облыстық мәслихатының депутаттары Мерей Қарт пен Анжела Маслова қатысты. Олар Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, құжатта мәдениет, өнер және кино индустриясын дамытуға қатысты нормаларға ерекше тоқталды. Атап айтқанда, шығармашылық еркіндікті қорғау, ұлттық мәдени мұраны сақтау, отандық өнерді қолдау және мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру мәселелері сөз болды.

Мерей Қарт өз сөзінде Жаңа Конституция жобасы преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұратынын атап өтіп, преамбулада мәдениет, білім және инновация жаңа құндылықтар ретінде айқындалғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл – мәдениет саласы үшін маңызды құқықтық негіз қалыптастырады.

Кездесу ашық әрі конструктивті форматта өтті. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Мәдениет саласының өкілдері Жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын және алдағы референдумға белсенді қатысатындарын мәлімдеді.

Коалицияның өңірлік филиалы алдағы уақытта да түрлі еңбек ұжымдары мен сала өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив