Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Ұлттық тасымалдаушы Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды

24-02-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды.

Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.

Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтерді tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблодан көруге болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив