Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Конституциядағы реформалар: Кәсіподақ ұйымдарымен ашық талқылау

25-02-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Коалицияның өңірлік филиалының мүшелері кәсіподақ ұйымдарымен Конституциядағы өзгерістерді талқылауға арналған «TALQYLAU» форматындағы кездесу өткізді. Іс-шара ашық пікір алмасу алаңында ұйымдастырылып, әлеуметтік саладағы күтілетін жаңашылдықтар, жаңа Конституциядағы «Мемлекет адам үшін, адам мемлекет үшін емес» қағидасының іске асу жолдары және қоғамдық бірлікті нығайту механизмдері жан-жақты қарастырылды.

Кездесу барысында спикерлер Дариға Абайқызы және Еркен Сағандықов сөз сөйлеп, Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, еңбек құқықтарын қорғауға және азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, кәсіподақтардың реформаларды іске асыру үдерісіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Ашық диалог форматында өткен талқылау кәсіподақ өкілдеріне өз ұсыныстарын білдіруге және еңбек қатынастары мен әлеуметтік қорғау мәселелерін ортаға салуға мүмкіндік берді. Кездесу нәтижесінде қатысушылар Жаңа Конституцияның қағидаттары қоғаммен бірге талқыланып, нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асуы тиіс деген ортақ тұжырымға келді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив