Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
496.85 585.54 6.49

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Power International Holding (PIH) компаниясының басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады.

Әңгімелесу барысында энергетика және телекоммуникация салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективасы қарастырылды.

Президенттің айтуынша, газ өңдеу, тасымалдау және қуат өндіру салалары Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық ықпалдастықтың негізі саналады. Бұл бағыттағы ауқымды жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысына PIH компаниясының телекоммуникация нарығындағы қызметін кеңейту жоспары баяндалды. Холдинг мұны Mobile Telecom Service (Tele2) байланыс операторын сатып алу келісімшарты аясында іске асырмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев компания осы арқылы телекоммуникация инфрақұрылымын жаңғыртуға, қызметтің сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті мен PIH компаниясының басшылары өзара ықпалдастықты одан әрі жандандырып, перспективті инвестициялық жобаларды іске асыруға бейіл екенін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив