Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
496.85 585.54 6.49

Мұғалімдер оқушының өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде жауапты болмақ

Бүгін, 16:41 018.kz

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді. 

— Аталған заң жобасы педагогтердің құқығын қорғауды күшейту мақсатында Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Құжатта келесі нормалар ұсынылды. Біріншіден, педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін тек оқу процесі барысында айқындау ескерілген, яғни оқудан тыс уақытта және каникул немесе кешкі уақытта ата-анасының жауапкершілігі болуы тиіс. Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысының Тамыз кеңесінде берген тапсырмасы бар. Екіншіден, педагогтерді олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға тартуға жол бермеу нормасы қамтылған, — деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар ол есептілікті бір мезгілде екі форматта — қағаз және электронды түрде жүргізуге тыйым салу ұсынысы енгізілгенін айтты. Тек бір форматта ғана болуы тиіс.

— Мұнымен қоса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне педагогтердің құқығын бұзғаны үшін санкцияларды күшейту жөніндегі нақты нормаларды ұсынып отырмыз. Осы орайда Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасын қарап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді депутат.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив