ҚТЖ жазғы кезеңде 4 млн астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр
Туристік маусымда жолаушылардың ыңғайлы жол жүруіне жағдай жасау үшін Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан Алакөл көлінің жағалауына 11 маршрут қатынайды.
Алғаш рет елордадан «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы аптасына екі рет жүреді. Биыл жазда Алакөлге өткен жылмен салыстырғанда 30 мың адамға көп жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар көлікке деген қолжетімділікті жақсарту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ ҚР ИИДМ, әкімдіктер, туроператорлар, әуе және автотасымалдаушылармен бірлесіп ел ішінде интермодальды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда:
- «ПОЙЫЗ+ПОЙЫЗ» қызметі бір пойыздан екіншісіне ауыса отырып, межелі пунктке дейін жол жүруді көздейді;
- «ПОЙЫЗ + АВТОБУС» қызметі жолаушыларға вокзалдан үйге дейін трансфер ұсынады;
- «ПОЙЫЗ+ҰШАҚ» қызметі жолаушыларды вокзалдан әуежайға тасымалдау.
Жалпы 140 теміржол маршруты бар екенін айта кеткен орынды. Оның 73 пайызына «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ал қалғандарына жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетеді.