Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек

25-02-2026, 17:04 018.kz

Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты.

Оның айтуынша, Bilim, Назарбаев Зияткерлік мектептері сынды жетекші білім ошақтарында сабақ уақытында ұялы телефонды қолдануға тыйым салынған.

- Мен мұны дұрыс деп санаймын. Оқу процесі – бұл оқу процесі. Оқушы мектепке келгенде телефонын қалдырып, сабақтан соң ала алады немесе кнопкалы телефонды қолдануға болады. Сол себепті ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу функциясын әр мектеп деңгейінен министрлікке беру ұсынысы бар. Сол кезде бұл шешімді орталықтандырып қабылдауға болады, - деді депутат палатаның жалпы отырысынан кейін.

Асхат Аймағамбетов мұндай шектеу енгізуге ата-аналарға және өзге де факторларға байланысты мектеп басшыларының барлығы бірдей батылы бармайтынын айтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив