Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы Конституциялық өзгерістерді қолдайды

26-02-2026, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын Конституциялық түзетулерді қолдайтынын хабарлады.

Кездесу барысында Конституциялық түзетулердің негізгі бағыттары – билік тармақтарының теңгерімі, Президент өкілеттігінің бір реттік жеті жылдық мерзімі және Конституциялық Соттың рөлін күшейту – талқыланды.

Өңірлік коалиция мүшесі Еркен Сағандықов өзгертулердің институционалдық мәніне тоқталып: «Бұл түзетулер нақты тұлғаларға емес, тұрақты ережелерге негізделген басқару моделін қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік институттардың өзара жауапкершілігі айқындалып, шешім қабылдау тетіктері жүйеленеді. Ұзақмерзімді тұрақтылық дәл осындай институционалдық негіз арқылы қамтамасыз етіледі».

Ермек Әбілмәжінов өз сөзінде: «Ұсынылып отырған Конституциялық өзгерістер елдегі мемлекеттік институттардың жұмысын тиімді етуге, шешім қабылдау процесін жүйелеуге және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған. Бұл елдің құқықтық негізін берік етуге үлес қосады».

Кездесу барысында станция қызметкерлері ұсынылған өзгерістерге өз пікірлерін білдіріп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді. Ұжым өкілдері елдің құқықтық негізін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтындарын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив