Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылады

26-02-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласындағы Достық үйінде ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті. Жиын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын ғылыми тұрғыда талдауға арналды.

Отырыс барысында ғылым, білім беру мен инновацияларды мемлекет дамуының басты бағыттары ретінде конституциялық деңгейде бекіту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жаңа Конституция жобасында аталған салалар басты құндылықтар ретінде айқындалып, бұл ғылымның тұрақты дамуы үшін институционалдық және құқықтық негіз қалыптастыратыны айтылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтардың өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша конституциялық реформаларды ғылыми-сараптамалық тұрғыдан қолдауды күшейту, кәсіби диалогты дамыту және қоғамдық келісім мен этносаралық қатынастар саласында сараптамалық ұстанымдарды жүйелі түрде қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив