Cемей-23°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.26 590.38 6.54

Абылай Тілепбергеннің шығармашылық кешінде Димаш Құдайберген өнер көрсетті

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Алматы қаласында Almaty Theatre сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастыруымен «Құрмет» орденінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, көрнекті дирижер, дарынды күйші, оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепбергеннің «СЕРПІН» атты жеке шығармашылық концерті өтті.

Кеште Құрманғазының төкпе күйлері мен Тәттімбеттің шертпе дәстүрін жаңаша пайымда ұсынылды. Абылай Тілепбергеннің жеке орындауындағы және ұлттық оркестрмен бірлескен шығармалары көрермен көңілінен шықты. Ұлттық музыка өнерінің алтын қорына енген таңдаулы күйлер мен оркестрлік өңдеудегі туындылар тың интерпретацияда орындалды.

Концертке Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген арнайы қонақтардың қатарында болды. Олар бір сахнада өнер көрсетіп, жан тебірентер күйлерді бірге орындады.

Іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сазгер Ренат Гайсин, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры солистері мен Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі әртістері және домбырашылар тобы өнер көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив