Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі басталды

26-02-2026, 14:59 018.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңін бастады. Шара ақпан айының 27- сіне дейін жалғасады.

Конкурс 10 секция бойынша ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 463 жобамен 623 оқушы қатысады. Байқаудың басты мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді қолдау, сол арқылы елдің зияткерлік әлеуетін дамыту.

Конкурстың қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды. Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив