Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.26 590.38 6.54

Аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйе 2027 жылдан бастап енгізіледі

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы саласын кезең-кезеңімен цифрландыруды жалғастыруда.

Өткен жылы балық және балық өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін «E-Fish» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе балық пен балық өнімдерінің заңды шығу тегін растайтын құжаттарды беруге қатысатын мемлекеттік органдардың ақпараттық қорларын өзара байланыстырады. Негізгі мақсаты — заңсыз өнім айналымының алдын алу.

Бүгінгі күні «E-Fish» жүйесінде балық шаруашылығы және аквамәдениет саласындағы 1196 субъект тіркелген. Бұл олардың жалпы санының 95 пайыздан астамын құрайды.

Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесін «E-Fish» жүйесімен ықпалдастыру нәтижесінде белгіленген аулау квоталары мен балық өсіру көлемдері асқан жағдайда ветеринариялық құжаттарды рәсімдеуге тосқауыл қойылды. Жүйені енгізудің арқасында балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы 2 мың тоннаға қысқарды.

«Аквамәдениет туралы» Заңды іске асыру аясында 2027 жылдан бастап аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйені енгізу көзделген. Оны қолданыстағы «E-Fish» жүйесінің негізінде «Аквамәдениет» атты жеке бөлім құру арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйені жүргізу қағидаларының жобасы әзірленіп, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Әділет министрлігімен келісілді.

Жаңа жүйе аквамәдениеттің дамуын бақылау мен талдауды қамтамасыз етеді, сала субъектілерінің тізілімін қалыптастырып, жүргізеді, сондай-ақ қажетті деректерді жинау және өңдеу мүмкіндігімен аквамәдениет нысандарын есепке алуды, қадағалауды жүзеге асырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив